Қасым-Жомарт Тоқаев "азаттық Қазақстанға кездейсоқ бұйырды" деген мәлімдемеге жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев "азаттық Қазақстанға кездейсоқ бұйырды" деген мәлімдемеге жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев "азаттық Қазақстанға кездейсоқ бұйырды" деген мәлімдемеге жауап берді

Тоқаев "азаттық Қазақстанға кездейсоқ бұйырды" деген мәлімдемеге жауап берді

  • 22 Қазан 2022
  • 28
Фото - Caravan.kz

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру салтанатты рәсімі басталды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Шара барысында Мемлекет басшысы мәлімдеме жасады.

"Қазақта "Егемен болмай, ел болмас" деген терең мағыналы сөз бар. Кейде "Азаттық Қазақстанға кездейсоқ бұйырды, еліміз тәуелсіздігін ең соңғы болып жариялады" деген біржақты, үстірт тұжырымдар айтылып қалатыны жасырын емес. Бұл — сол кездегі жағдайды дұрыс бағамдай алмаған адамдардың сөзі.

Шын мәнінде, егемендікке бастайтын қасиетті жолды халқымыз ұзақ жылдар бойы жүріп өтті. Ел ағалары және зиялылар ұлттың санасын сақтау үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Елдің рухын көтеретін астарлы көркем шығармалар жарық көрді. Ұлтымыздың азаттыққа деген ұмтылысы Желтоқсан оқиғасы кезінде айқын көрінді", — деді Тоқаев.


Перейти к новостям спорта