Тоқаев "Айқын" және "Егемен Қазақстан" газеттеріне берген сұхбатында оралмандар туралы өз пікірін білдірді.
"Шетелдегі қандастарымызды («оралман» деген сөзге мен қарсымын) Атамекенге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің парызымыз. Елбасы әлеуметтік әділетті мемлекет құру бағытында орасан зор жұмыс атқарды. Биылғы Жастар жылының ашылуы және Nur Otan партиясының ХVIII съезінде берген бес әлеуметтік бастамасы мен тапсырмалары кешенді жүзеге асырылатын болады. Мен бюджет саласының төмен жалақы алатын қызметкерлерінің еңбекақыларын бір ай бұрын – 1 маусымнан бастап өсіруді тапсырдым. Аталған шара миллионнан астам қызметкердің өміріне оң ықпал ететін болады", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.