"Сапар аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен жеке және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіп, бірқатар екі жақты құжаттара қойылмақ. Сондай ақ, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады", — деп жазды Берік Уәли
Қазақстан Президентінің борты Ташкент уақытымен 17.45-те Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайға қонды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен Ташкент мэрі Джахонгир Артыкходжаевтар қарсы алды.