Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға ұшып келді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға ұшып келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға ұшып келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлидің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

  • 15 Сәуiр 2019
  • 5
Фото - Caravan.kz

"Сапар аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен жеке және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіп, бірқатар екі жақты құжаттара қойылмақ. Сондай ақ, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады", — деп жазды Берік Уәли

Қазақстан Президентінің борты Ташкент уақытымен 17.45-те Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайға қонды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен Ташкент мэрі Джахонгир Артыкходжаевтар қарсы алды. 


Соңғы жаңалықтар