Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президентімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президентімен  кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президентімен кездесті

Мемлекет басшысы АӨСШК-тің VI саммиті аясында Палестина Президенті Махмуд Аббаспен кездесу өткізді.

  • 13 Қазан 2022
  • 22
Фото - Caravan.kz

Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.

Өз кезегінде Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Палестина Президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.