Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 518.53
  • 588.17
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті.

  • 21 Тамыз 2021
  • 50
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей президенті Владимир Путин қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде екі елдің байланыстары өте жоғары деңгейде екенін айтты.

"Қайырлы күн, сізді көргеніме өте қуаныштымын, шақыруды қабылдап, келгеніңізге рахмет. Бізде байланыс үзілмейді, олар тұрақты режимде, өте жоғары деңгейде және барлық бағыт бойынша", — деді Путин.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге жүгінді.


"Мен біздің саясатты дәйекті түрде жүргізу үшін осы елде (Ауғанстан — ескерт.) болып жатқан жағдайға сіздің көзқарасыңызды білгім келеді", — деді Тоқаев.

Бұған дейін 21 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен баратыны хабарланған болатын.