Тоқаев "Айқын" және "Егемен Қазақстан" газеттеріне берген сұхбатында жемқорлық туралы айтып өтті.
"Бүгінде жемқорлық қоғамдық өмірдің көптеген тұстарын жайлағаны жасырын емес. Иә, Үкімет өз тарапынан заң аясында күресіп жатыр. Бұл аздық етеді. Егер әлемдік тәжірибеге сүйенсек, жемқорлықты жеңу үшін тек қатаң жаза ғана емес, жан-жақты кешенді іс-әрекеттер қажет. Жемқорлықпен күрес ымырасыз жүруі тиіс және бұл тек Үкіметтің ғана емес, әрбір адамның міндетіне, керек десеңіз парызына айналуы тиіс. Жақында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына осы бағытта нақты тапсырмалар бердім. Ұлы гуманист Махатма Гандидің «Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзің өзгер» деген әйгілі нақылы бар ғой. Ең бастысы, қоғамдық пікірге, әр адамның санасына осы кеселге үзілді-кесілді қарсы тұратындай күш пен сенімді сіңірмесек, түпкілікті өзгеріс жасамасақ, барлық әрекетіміз нәтижесіз күреске айналуы мүмкін", — деді Қазақстан Президенті.