Жарияланды: 290

Қатаң тәртіптегі колонияға үш келі марихуана өткізбек болған - Павлодар облысы

Павлодар облысындағы қатаң тәртіптегі АО 162/4 колониясында ішке есірткі өткізбек болған азаматты ұстады.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстық департаментінің бөлім бастығы Борис Гаврилюктің айтуынша, 3 келіге жуық марихуана салған көлік колония аумағына кіреберісте қолға түсті. «Көліктегі ер адам есірткіні колония аумағына лақтырып жібермек болған немесе шай деп өткізгісі келген», - деді Б.Гаврилюк. Колония қызметкерлері қолға түскен 33 жастағы азаматты полицияға тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін