Науқасқа шалдыққан журналиске қарапайым тұрғындардан бастап облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, БАҚ ұжымдары, ірі кәсіпорындар мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары қол ұшын беруде.
Қоғамдық «Тілші» қорының басшысы Асқар Ақтілеуовтың сөзіне қарағанда, бүгінгі күні Қонысбектің есебіне 8,3 млн. теңге жиналды, бұл Израильде жасалатын отаға қажет қаражаттың жартысы.
Жуырда Қонысбектің достары операцияны түрік емханаларына жасатуға кеңес берді. Ол жерде жасату құны әлдеқайда төмен.
30 қазанда Қонысбек Ыстамбұлға ұшады.