Мына кадрлар 2009 жылы Италияда өткен әлем біріншілігінде түсірілген. Сол жолы күміс жүлдемен оралған Азамат араға 4 жыл салып Түркияда да дәл осындай марапатқа ие болды. Екі ай бұрын ғана 20 шақырым қашықтыққа еркін жүгіріп жүрген ол, кенеттен деміге бастаған. Өкпесі сыр берген батырды дәрігерлер бір ай туберкулезден емдепті. Онысы шипа болмаған соң, онкологиялық диспансерге тексеруге жіберген. 26 жастағы жігіт уақыт созып алған екен. Өкпедегі қатерлі ісік төртінші дәрежеге дейін асқынып кетіпті. Қазір чемпионның жерлестері мен туыстары ғаламторда үндеу тастап, оны Кореяда емдеуге қаржы жинап жатыр. Олимпида чемпионы Серік Сәпиев те былғары қолғабын аукционда сатып, түскен қаржыны Азаматқа аударды. Көмек қолын созамын деушілердің экранда көрсетілген телефон нөміріне хабарласуына болады.
Loading...