Жарияланды: 350

Қатты аязға байланысты ШҚО аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Үш облыстың аумағындағы республикалық жолдар жабық. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысы аумағындағы боранға байланысты 21 желтоқсан сағат 09.40-тан бастап байланысты "Үшарал-Достық" автожолының 93-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында қалың түскен қардың салдарынан 26 желтоқсан сағат 20.00-ден бері "Алматы-Ташкент-Термез" жолының 632-658 шақырымындағы "Жаскешу- Машат өткелі" аралығында қоғамдық және жүк автокөліктерінің түрлері үшін шектеу қойылды. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы аязға байланысты (ауа температурасының төмендеуі -35-40 оС ) бүгін сағат 18.00-ден бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" автожолының 15-123 шақырымындағы "Глубокое ауылы-РФ шекарасы" аралығында қоғамдық және дизелді автокөліктерінің түрлері үшін жол жабылды. Сонымен қатар сағат 18.00-ден бастап "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" жолының 15-105 шақырымындағы "Белоусовка ауылы-Риддер қ" аралығында да қоғамдық және дизельді автокөліктерінің түрлері үшін жолға шығуға шектеу қойылды. Ал сағат 19.00-ден бастап қолайсыз ауа райына байланысты "Өскемен-Зырян-Рахман қайнары" жолының 6-164 шақырымындағы "Ушанова ауылы-Зырян қ" аралығында қоғамдық және дизелді автокөліктерінің түрлері үшін жол жабылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін