Қатты аязға байланысты ШҚО аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.18
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қатты аязға байланысты ШҚО аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Қатты аязға байланысты ШҚО аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Үш облыстың аумағындағы республикалық жолдар жабық. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

  • 28 Желтоқсан 2012
  • 340
Фото - Caravan.kz

Алматы облысы аумағындағы боранға байланысты 21 желтоқсан сағат 09.40-тан бастап байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 93-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысында қалың түскен қардың салдарынан 26 желтоқсан сағат 20.00-ден бері «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 632-658 шақырымындағы «Жаскешу- Машат өткелі» аралығында қоғамдық және жүк автокөліктерінің түрлері үшін шектеу қойылды.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы аязға байланысты (ауа температурасының төмендеуі -35-40 оС ) бүгін сағат 18.00-ден бастап «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» автожолының 15-123 шақырымындағы «Глубокое ауылы-РФ шекарасы» аралығында қоғамдық және дизелді автокөліктерінің түрлері үшін жол жабылды.

Сонымен қатар сағат 18.00-ден бастап «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» жолының 15-105 шақырымындағы «Белоусовка ауылы-Риддер қ» аралығында да қоғамдық және дизельді автокөліктерінің түрлері үшін жолға шығуға шектеу қойылды.

Ал сағат 19.00-ден бастап қолайсыз ауа райына байланысты «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары» жолының 6-164 шақырымындағы «Ушанова ауылы-Зырян қ» аралығында қоғамдық және дизелді автокөліктерінің түрлері үшін жол жабылды.