Жарияланды: 250

Қатты аязға байланысты Зыряндағы мектептерде сабақ тоқтатылды

Шығыс Қазақстанда аяз күшейіп, мектептерде сабақтар тоқтатылды. Қазірдің өзінде Зырян қаласында сынап бағамы -34 градусқа дейін төмендеген. Ал жауған қардың көлемі жылдағымен салыстырғанда бір жарым есе артық. Сондықтан, төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында таулы аймақтарда қар көшкіні ұйымдастырылды.

Өскемен-Зырян тас жолының таудың етегімен өтетін бөлігі облыс бойынша ең қауіпті аймағы боп саналады. Қар көшкіні де осы аумақта жиі орын алып тұрады. Төрт жарылыстан кейін ғана жотадан құлаған қардың көлемі 4100 текше метрді құрады. Жалпы, Шығыс өңірде 497 қар көшкіні жүретін қауіпті ошақтар тіркелсе, бүгінде өздігінен 9 қар көшкіні жүріп өткен.

Омар Дүзгінбаев, «Қазселденқорғау» ММ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры:

- Қысқы уақытта әр адам өз басының қамын ойлап, барлық қауіпсіздік шараларын қабылдаса дейміз, қазақта мақал бар ғой, "сақтансаң Құдай сақтайды деген".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін