Жарияланды: 410

Қатты отынмен жанатын пеш ақаулығының салдарынан үш адам көз жұмды

Алматы облысының Іле ауданында сенбі күні саяжайлық үйдегі қатты отынмен жанатын пеш ақаулығының салдарынан 66 жастағы ер адамға иіс тиіп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Бұл облыстың Қарасай ауданында 30 жастағы әйел мен оның бір жасар қызы дәл осындай жағдайда иіс тиіп уланудан мерт болды. Бұрын хабарланғандай, Көкшетау қаласында болған өрт кезінде күйік шалған 87 жастағы зейнеткер қаза тапты, оның 60 жастағы баласы ауруханаға жеткізілді. Өрт үйдегі тұрмыстық газ баллонын қосу кезінде болған газ-ауа қоспасының шығуынан болды, өрт 60 шаршы метр аумаққа тарады. Өртті сөндіру кезінде 47 адам (соның ішінде 5 бала) қауіпсіз жерге көшіріліп, туыстарына жайғастырылды. Жалынмен күрес жүргізуде ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің 30 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін