"Қатты жақын араласпаймыз": Бүркіт Аишаның туыстарымен қарым-қатынасы жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қатты жақын араласпаймыз": Бүркіт Аишаның туыстарымен қарым-қатынасы жайлы айтты

"Қатты жақын араласпаймыз": Бүркіт Аишаның туыстарымен қарым-қатынасы жайлы айтты

Аиша Бүркіттің шаңырағына келін болып түскен кезде салт-дәстүрді білмей қиналған. Десе де, бүгін ел Аишаны инабатты келін ретінде таниды. Ал Бүркіт жұбайын биязы, жұмсақ мінезі үшін жақсы көреді екен.

  • 10 Желтоқсан 2018
  • 4809
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Мен үшін көптеген салт-дәстүрлер таңсық болды. Бірақ керек болса, маған оны жасау қиын емес. Өзім де көмектескенді ұнатамын. Сондықтан қиналдым деп айта алмаймын”, – дейді Аиша.

Ал Бүркіт Аишаны не үшін жақсы көретінін айтты.

“Мінезі жайсаң, адамгершілігі мол. Сол үшін жақсы көремін. Шатақ мінезді болса, ондай адамдармен қай жерде болсаң да жиі ұрысып тұрасың. Аллаға тәубе дейміз, Алланың қосқаны деп есептеймін.
Өзінің нәзік мінезі бар, сүйкімді. Сол үшін жақсы көріп қалдым басында”, – дейді Бүркіт.

Иә, Аишаның өзіне ғана тән инабаттылығы жайлы ел біледі. Ал қайын жұртына Бүркіт қандай күйеу бала?


“Бүркіт – жақсы күйеу бала, алтын жігіт”, – деп қысқа қайырды Аиша.

Бүркіт жарының төркінімен алыстан сыйласатын көрінеді.

“Барлығы өте тәрбиелі адамдар. Әрқашан да “сіз-біздесіп” тұрамыз. Қатты жақын араласпаймыз. Аиша өзі анасымен сөйлесіп тұрады, бізге келіп тұрады”, – дейді Бүркіт.