Бұл туралы дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев желідегі жазбасында бөлісті, депхабарлайды Caravan.kz .
"Нұрғали ағамен кеше хабарласып жағдайын сұрадым. Аға ауырып қалды деп жатыр, қалыңыз қалай,аман-есенсіз бе деп. Бір ауынап тұрдым, қаттылау келді, түрі жаман деп біраз әңгімелестік", — деген.
Және "Іштегі бір өкініш 85- жасқа келгенде, жоғардағы мінбедегі ақ жағалылардың көңіл бөлмегеніне қайран қалып отырғанын сездім….
Айтатын қаншама әні іркіліп тоқтап тұрғаны, дұркіретіп өткізүіне көңіл бөлінбей тұрғанын естіп менде ойланып қалдым. Қазақ өнерінің қара нары, бүткіл өмірін өнерге арнаған ақсақал абызы, күнде 85-ке келіп жатқан жоқ. Алматының мәдениет басқармасы, әкімі қайда қарап орыр? Мәдениет Министірі, көмекшілері қайда? Оларға айтатын адам жоқпа….Ұят болды, айтатын сөзім жоқ. Нұрғали ағамызға Жаратқан ием күш қуат берсін! Жасай беріңіз Нұр аға 90-100 ге келген тойыңызды амандық болса Көруге жазсын!", — деді өнер иесі.