Қауіпсіздік кеңесі мекемеаралық комиссиясының мәжілісінде жарылғыш заттарды сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қауіпсіздік кеңесі мекемеаралық комиссиясының мәжілісінде жарылғыш заттарды сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды

Қауіпсіздік кеңесі мекемеаралық комиссиясының мәжілісінде жарылғыш заттарды сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесі мекемеаралық комиссиясының кезекті мәжілісі өтіп, онда ішкі қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

  • 12 Желтоқсан 2006
  • 443
Фото - Caravan.kz

«Мәжіліс бейресми сипатта өтті. Комиссияның барлық мүшелерінің пікірлері тыңдалды. Ол шаруашылық іс-қызметте жарылғыш заттарды пайдалану мен сақтау жүйесін жетілдіру және діни экстремизмнің таралуына жол бермеу шараларын жан-жақты талқылауға түрткі болды»,- делінген баспасөз баянында.

Мекемеаралық комиссияның жетекшісі — ҰҚК-нің төрағасы генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев өнеркәсіптік мақсатта қолданылатын жарылғыш заттарды пайдалану мен оларды сақтау барысындағы кемшіліктер мен заң бұзушылықтарды тез арада жою қажеттігін атап көрсете отырып, оларды ұрлату мен лаңкестік және эстремистік мақсатта пайдаланылу қаупінің залал-зардаптарына баса назар аударды.

«Жиынға қатысушылар аталмыш проблемалар бойынша жұмыстарды жетілдіруге бағытталған нақты шараларды дәйектеді. Атап айтсақ, тиісті нормативтік актілерге өзгерістер енгізу, мемлекеттік мекемелердің өзара ықпалдастығы нығайту, ақпараттық-насихат жұмыстарын күшейту көзделді»,- делінген хабарламада.

Мекемеаралық комиссияның құрамына 14 министрлік пен мемлекеттік мекеме басшыларының орынбасарлары енеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта