Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселесі талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселесі талқыланады

Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселесі талқыланады

Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселесі талқыланады.

  • 24 Қыркүйек 2014
  • 468
Фото - Caravan.kz

Қауіпсіздік кеңесі жанындағы сарапшылар кеңесі осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Сарапшылар кеңесі мүшелері Орталық Азиядағы эпидемиологиялық ахуалды ортаға салды. Отырысқа мемлекеттік органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің басшылары, сондай-ақ, салалық ғылыми-зерттеу институттарының сарапшылары қатысты.

Сарапшылар Орталық Азия аймағында санитарлық-эпидемиологиялық қауіптің күшеюіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Жаңа жұқпалы аурулардың өршуі халық денсаулығы мен Қазақстанның экономикалық тұрақтылығына қатер төндіретіні айтылды. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау шаралары мен аталған саладағы халықаралық ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Мәселе Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында ортаға салынбақ.