Оның айтуынша, бұғылар былтыр тасқын қаупіне байланысты питомник аумағынан хайуанаттар бағына жеткізілген.
Барлығы 12 хайуан жеткізілуге тиіс болған. Алайда олардың жетеуін ұстау мүмкін болмай отыр. “Жануарларды ұйықтататын оқтармен атқан. Әйтсе де жетеуі атқаннан кейін ұйықтамай қойған. Қайтадан ондай оқпен ату хайуанаттар үшін зиянды. Мұндай процедура 5-6 айда бір рет қана жүргізілуге тиіс”, деді Л.Әлиев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2001-жылы тағы табиғатты қорғау жөніндегі Халықаралық қордың көмегімен бұхараның бұғыларының санын арттыру жұмыстары қолға алынған болатын. Осыған байланысты жасақталған Түркістан питомнигіне алты бұғы жеткізіліп, олар жаңа популяцияның негізін қалады. 2005-жылы олардың саны 9 басқа жеткен. Алайда, Сырдариядағы қысқы су тасқыны питомникке қауіп төндіргендіктен, бұғылар Шымкенттегі хайуанаттар бағына жеткізілді.