Жарияланды: 490

Қаза тапқан полицейлердің отбасыларына материалдық көмек көрсетілді -Ақтөбе

Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовтың шешімі бойынша, кеше қарулы шабуыл кезінде опат болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына 1 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетілді.

Бүгін түнде Ақтөбедегі Шұбаршы ауылында екі полиция қызметкері Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаевтың оққа ұшқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Облыс әкімі Е.Сағындықов бүгін қаза болғандардың отбасыларына барып, көңіл айтты. «Адам өлтіргендер табылуы және ең қатаң жазаға тартылуы керек», деп атап көрсетті облыс әкімі құқық қорғау органдары басшыларымен болған әңгімесінде. Полиция қызметкерлерін өлтіру факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 92-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстың бетін ашу үшін бірнеше жедел топ құрылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін