Қаза тапқан полицейлердің отбасыларына материалдық көмек көрсетілді -Ақтөбе - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаза тапқан полицейлердің отбасыларына материалдық көмек көрсетілді -Ақтөбе

Қаза тапқан полицейлердің отбасыларына материалдық көмек көрсетілді -Ақтөбе

Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовтың шешімі бойынша, кеше қарулы шабуыл кезінде опат болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына 1 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетілді.

  • 1 Шiлде 2011
  • 484
Фото - Caravan.kz

Бүгін түнде Ақтөбедегі Шұбаршы ауылында екі полиция қызметкері Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаевтың оққа ұшқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Облыс әкімі Е.Сағындықов бүгін қаза болғандардың отбасыларына барып, көңіл айтты.

«Адам өлтіргендер табылуы және ең қатаң жазаға тартылуы керек», деп атап көрсетті облыс әкімі құқық қорғау органдары басшыларымен болған әңгімесінде.

Полиция қызметкерлерін өлтіру факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 92-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстың бетін ашу үшін бірнеше жедел топ құрылды.

Перейти к новостям спорта