Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Adyrna.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Кривошеев өзінің фейсбуктегі парақшасына жазба қалдырып, халықтың ашуын туғызған болатын. Онда ол былай деп жазған болатын:
Бұл жазба қоғам қайраткері Мұхтар Тайжанды бей-жай қалдырмады. Ол енді Кривошеев жұмыс істейтін "Хабар" телеарнасына да және ол жүргізуші болатын басқа жерлерге де бармайтынын баса айтты. Сонымен қоса өзінің Instagram-дағы жазбасында:
"Ақпарат министрі Асқар Умаровқа, Президент Әкімшілігі Басшысының ішкі саясат жөніндегі орынбасары Аида Балаеваға, сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринге осы жүргізушіні барлық мемлекеттік арналардан алып тастауды сұраймын. Ол осы оқиғалар кезінде қаза тапқандардың барлығын қорлағаны ғой. Намыстарың болу керек қой" деп жазды.