ҚазАгро 14,2 мың бас мал бордақылайтын кешен құрылысын қаржыландырады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазАгро 14,2 мың бас мал бордақылайтын кешен құрылысын қаржыландырады

ҚазАгро 14,2 мың бас мал бордақылайтын кешен құрылысын қаржыландырады

«ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» (ҰБХ) АҚ несиелік ресурстар есебінен 14,2 мың бастық 4 ірі қара мал (ІҚМ) бордақылау кешен құрылысын қаржыландыру мәселесі шешілді, деп ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 7 Шiлде 2011
  • 616
Фото - Caravan.kz

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтерінше, қаражаттар Алматы облысының «Өтес Био Азия»ЖШС, «Жақсылық» ШҚ, сондай-ақ Ақмола облысындағы –«Острогорское» ЖШС, «KazBeefLTD» ЖШС-терге салынды.

Одан басқа, АШМ мәліметтерінше, Ақмола облысында 3 мың бас ІҚМ бордақылайтын «АстанаАгроПродукт» ЖШС жобасы қаралып жатыр.

Сондай-ақ 2012 жыл жоспарында 13 мың бас ІҚМ бордақылау кешенін ашуға өтінім түседі деп күтілуде.

Еске салсақ, былтыр 12,1 мың бас ІҚМ бордақылайтын 2 кешен пайдалануға тапсырылған. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысында – «Кроун Батыс», және Қостанай облысында «Қараман» ЖШС бар.

«ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» (ҰБХ) АҚ республикадағы АӨК дамыту бойынша мемлекеттік саясатты өзінің құрамына кіретін компаниялардың инвестициясын тиімді басқару арқылы іске асырады. Холдинг құрамына «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компанисы» АҚ, «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ, «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ, «ҚазАгроГрант» АҚ және «Қазагромаркетинг» АҚ кіреді.

Соңғы жаңалықтар