«ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ компанияның даму жоспарында балансында бес бірдей астық қабылдау орны бар және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын «Астық қоймалары» ЖШС активтерін сату ниетінің жоқ екенін мәлімдейді, деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұл ретте әлемдегі азық-түлік нарығындағы қазіргі жағдайды ескере отырып, «ҚазАгро» Ұлттық компаниясы» АҚ мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар ішкі азық-түлік нарығын реттеу және тұрақтандыру қызметін орындауға қажетті активтерді сақтап және көбейтуге ерекше назар аударады деп көрсетілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті