«ҚазАгро» холдингі фермерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазАгро» холдингі фермерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашады

«ҚазАгро» холдингі фермерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашады

«ҚазАгро» ұлттық холдингі аудандық деңгейде фермерлерге қызмет көрсету орталықтарын ашуды жоспарлайды.

  • 4 Желтоқсан 2012
  • 388
Фото - Caravan.kz

Онда аймақтың облыс орталықтарынан шалғайдағы аудандарда шаруаларға кеңес беріп және өтінімдер қабылдау жүзеге асатын болады. Бұл туралы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Дулат Айтжанов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезіндегі сол аймақтың аграрлық шаруашылықтарының өкілдерімен кездесу барысында айтты.

Ходингтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ҚазАгро» холдингі ілкі жобасы шеңберінде Қазақстанның төрт облысында (Ақмола, Алматы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстары) фермерлерге қызмет көрсететін 5 орталық іске қосылады.
Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстанның кәсіпкерлерімен жүздесу барысында холдинг басшысы Д.Айтжанов фермерлерге қатысты өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Оның ішінде фермердің несие алу машақатына қатысты әңгіменің басы ашық талқыланып, оны жеңілдетудің болашақ жоспарлары туралы сөз болды.
«Бүгін ұсынылған үлгі несиелеуші ұйымның тарапынан да мемлекеттік органдар мен «ҚазАгро» холдингінің мәліметтер базасының ақпараттарымен алмасу жолымен құжаттарды жинауға белсенді қатысуын қарастырады. Бұл ретте холдингпен клиенттің несие алуға ұсынған құжаттарына талдау жасалды, сосын автоматтандыру арқылы алуға мүмкін болатын құжаттар сәйкестендірілді. Автоматтандыру бойынша ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға жолданды. Сонымен қатар ШҚО мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша пилоттық жоба іске қосыла бастағаны маған белгілі. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және сіздерге осы бағыттағы күштерді біріктіруді ұсынамыз, өйткені тек күшті біріктіріп қана біз табысқа жетеміз» — деді «ҚазАгро» холдингінің басшысы.