Отандық АӨК дамыту жөніндегі мемлекеттің саясатын жүзеге асыратын Холдинг депутаттық корпус өкілдерімен республиканың ауыл шаруашылығындағы аса өзекті мәселелерді талқыға салды және оларды саланың бірқатар міндеттерін шешудегі өзінің пайымдауымен таныстырды. Бұл туралы «ҚазАгоро» ұлттық холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, әңгіме Қазақстандағы етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралар, «ҚазАгро» холдингінің несиелеу рәсімдерін оңайлату бойынша жүргізілетін жұмысы туралы, сондай-ақ Астананың және еліміздің басқа ірі қалаларының азық-түлік белдеуін қалыптастыру кезіндегі кейбір проблемаларын шешу жолы туралы болды.
«ҚазАгро» холдингінің Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің депутаттарымен кездесу барысында ұсынған мәліметтеріне сәйкес, асыл тұқымды малдың импортына өтінімдерді қарастыру кезінде Холдинг жемшөп қорына талапты жоғарылатады. Мал бордақылау алаңдарын айналым қаражатын игеру қарқынына және алаңның толықтырылуына байланысты (200 бастан жоғары) кезең-кезеңмен қаржыландыру принципіне көшу жоспарланады.
Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері үшін қаржы ресурстарының қол жетімділігін кеңейту бөлігінде ҚазАгро 2013 жылы бірқатар міндеттерді шешуге ниет етіп отыр. Олар несие беру процестерін оңтайландырумен, «бір терезе» принципі бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне қызмет көрсету жүйесін енгізу арқылы сервистік қызмет сапасын жақсартуға, сондай-ақ несиелеуге қолжетімділікті қамтамасыз етуге байланысты.
Астананың азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде логистикалық ХАБ құру жоспарлануда. Осы сауда-логистикалық желінің міндеті ауыл тұрғындарының өнімдерін әділ бағамен сатып алу және шетке шығару, оны қоймаларда қаттап жинау және сауда желілерімен өзара іс-қимылының тиімді компьютерленген жүйесін құру болуы тиіс.
Парламент Мәжілісінің депутаттары мәселелерді талқылау барысында ҚазАгро холдингінің кейбір бастамаларына қолдау көрсетті, ал кейбір мәселелер бойынша өздерінің түбегейлі ұстанымдарын айтты. Мысалға, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет мүшелерінің пікірлері бойынша Қазақстанда бүгінде барлық малдың 80 пайызы жекеменшік үй шаруашылықтарының қолында және холдингке осы әлеуетті, нашар тұқымды болса да пайдалану қажеттілігі туралы ойлануды тапсырды. Бұдан басқа, депутаттарды ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын іске асыру мерзімі жайлы мәселе толғандырады. Парламентшілер ауылда несие серіктестіктерін жаңадан құруды қолдауда да өз ойларын айтты. Бұдан өзге, Астанада жалпы логистикалық желі құруды мақұлдай отырып, депутаттар елорданың азық-түлік белдеуін қалыптастыруда 300-шақырымдық аумақтағы шекарамен шектеліп қалмау туралы ұсыныстарын білдірді.
«ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Дулат Айтжановтың айтуынша, кездесу өте сындарлы жағдайда өтті. Шынында пайдалы пікір алмасу болды. «Парламент депутаттарының «ҚазАгро» холдингінің бастамаларына жасаған ескертулері мен ұсыныстары — біз үшін қажет және пайдалы ақпарат, өйткені олардың бәрі елдің ауыл шаруашылығында болып жатқан жағдайлар туралы ұзынқұлақтан естімей-ақ өздері тікелей біледі. Олар ауыл өмірімен жақсы таныс болғандықтан, көптеген қызықты идеялар енгізді. Осы кездесуді есепке ала отырып, біз өзіміздің жұмыс жоспарымыз бен міндеттерімізге кейбір түзетулер енгізетін боламыз», — деді Айтжанов.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру мақсатында 2006 жылы құрылды. Холдингтің құрамына «азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ кіреді.