«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директор - аппарат басшысы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директор - аппарат басшысы тағайындалды

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директор - аппарат басшысы тағайындалды

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен

  • 22 Қараша 2012
  • 402
Фото - Caravan.kz

Тобылбек Омаров Басқарушы директор-аппарат басшысы лауазымында Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

Аталмыш холдингтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тобылбек Есенжолұлы Омаров 1963 жылы 11 қаңтарда Қостанай облысында дүниеге келген.

Алматыдағы Жамбыл Жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының филиалын, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты (Мәскеу қ.) тәмамдаған.

Жаңа тағайындалуға дейін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі болған.

Әр жылдары Қостанай қаласында — «Тобыл элеваторы» АҚ президенті, «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ Қостанай облысындағы өкілдігінің директоры, Қостанай облысы әкімінің орынбасары, «Қостанай астық өнімдері» астық компаниясы» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

Астана қаласына орын ауыстырғаннан кейін ҚР АШМ Ауылдық аумақтар ісі комитеті төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы болып қызмет атқарды.

Техника ғылымының кандидаты, «Құрмет» орденімен марапатталған.