Қазалы әкімдігі 1 миллиард теңгелік ғимаратқа көшпек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазалы әкімдігі 1 миллиард теңгелік ғимаратқа көшпек

Қазалы әкімдігі 1 миллиард теңгелік ғимаратқа көшпек

Қазалы ауданы мен Әйтеке би кентінің әкім-қаралары 1 миллиард теңгелік ғимаратқа көшуге әзірленіп жатыр.

  • 8 Мамыр 2019
  • 39
Фото - Caravan.kz


Әкімдіктің жаңа ғимараты осыншама сомаға салынып жатыр екен. Үш қабатты нысанға бөлінген қаржы көлемі көптің көңілін күпті етіп, тіпті, ашуын келтірген. Әкімдікті мұндай шығынға итермелеген нендей жағдай?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бетперде киіп, камераға қол бұлғап тұрған құрылысшылар жұрттың көңілін күпті қылған ғимаратты салып жатқандарын сезбейтін секілді. Олар тасып жүрген цемент, арматура, басқасына 1 млрд теңге бөлінген. Онда Қазалы аудандық және Әйтеке би кентінің әкімдіктері орын теппекші. Алайда, бөлінген сома көпшілікке маза бермей жүр.

БАҒЫМША САЙДОЛДАЕВА, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: "Пәтерсіз жүрген жастар көп, жұмыссыздық көп деген сияқты. Сол жерлерін дұрыстаса екен, чем ақшаны бар ғой әкімдік. Оған қанша миллиардтап ақшаны бөлгенше мүмкіндігінше керек нәрсеге бөлінгені дұрыс деп ойлаймын".

БАЛҒАНЫМ АРЗАЕВА, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
"Мысалы 1 млрд ақшаны әкімдікке салғанша жастарға үй болса, жастардың ойнайтын орын жерлері болса, сауықтыру кешендері болса мысалыға. Сондайлар жақсы деп ойлаймын".

Қазалының шенеуніктері қыркүйекке дейін күн санап жүргендей. 3 қабатты ғимараттың құрылысы сол кезде аяқталады деп жоспарланған. Салынып біткен соң, жұмысымыз алға басады деп отыр. Бөлім-бөлім болып шашырап отырғаннан жұмыстары мандымай жатқан көрінеді.

МҰРАТБАЙ ӘБСҰЛТАНОВ, ҚАЗАЛЫ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: "Бұл жерде енді қазіргі әкімдіктің ғимараты 1960-шы жылдары салынған, ескірген. Қазір тек ол жерде әкімдік пен аудандық маслихат аппараты отыр. Ал қалған бөлімдердің барлығы әкімдіктен алыс ғимараттарда орналасқан".

3 қабатты ғимаратқа бақандай 1 миллиард теңгенің жұмсалып жатқаны жұрттың күдігін оятып отыр. Оның үстіне Президенттің жақында ғана қазына қаржысын оңды-солды шашуды доғару керек деген тапсырмасы да ел есінде.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
"Нам сейчас нужно прекратить…Имидждік жобаларға деген шығындарды доғаруымыз қажет. Аймақтың не тұтас елдің дамуына еш қатысы жоқ ғимараттардың құрылысы тіптен қажет емес!".

Әкімдікке кең ғимарат қажет те шығар. Бөлімдер арасында қағаз тасу көп уақытты алатын болар. Ескі ғимарат әбден тозған дейді өздері. Осы мақсатқа 1 миллиард теңге тапқан Қызылорда облыстық бюджетінде басқа да маңызды мәселелерді шешуге қаржы қарастырылар деген үміт қана тұрғындарды жұбатуда.

Соңғы жаңалықтар