Жарияланды: 870

Қазалы қаласына 150 жыл

2003-жылы Қызылорда облысындағы Қазалы қаласының 150 жылдық мерейтойы атап өтіледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Бастапқыда бекініс түрінде салынған Қазалының іргетасы 1853-жылдың 16-маусымында осында келген генерал-адьютант Петр Перовскийдің басқаруымен қаланған деп саналады. Соңынан Қазалы Орталық Азиядағы ірі сауда және мәдение орталыққа айналды. Ұлы Жібек жолы арқылы өтетін керуендер бұған дейін де бұл мекенді басып өтетін. Қазалы- атағы жалпыға мәшҺүр Түркістан жастарының жетекшісі Ғани Мұратбаевтың кіндік қаны тамған жер. Бұл өңірде қазан төңкерісіне дейін де қазақтар, орыстар, татарлар, өзбектер мен еврейлер тәрізді әр ұлт өкілдері мекенденді. Сол кезеңнен хабар беретін мешіттер, шіркеулер мен синагогалар қалада қазірдің өзінде бар. Мерейтой қарсаңында аудан орталығында "Қазалы айғағы" атты жаңа тәуелсіз басылым жарық көрді. Басылым иесі - Қасқырбай Мәмбетжан есімді тәуелсіз журналист. Бұл - осы өңірде жарық көрген осымен үшінші тәуелсіз басылым.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть