Қазалыда құтырған ит қапқан он жасар бала қайтыс болды -Қызылорда облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 543.24
  • 619.89
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазалыда құтырған ит қапқан он жасар бала қайтыс болды -Қызылорда облысы

Қазалыда құтырған ит қапқан он жасар бала қайтыс болды -Қызылорда облысы

Қызылорда облысы Қазалы ауданында құтырған ит қапқан он жасар бала көз жұмды.

  • 4 Тамыз 2011
  • 749
Фото - Caravan.kz

Мұның алдында ғана облыс орталығына қарасты Тасбөгет кентінде бес жасар бала осындай қайғылы жағдайға ұшыраған еді. Бұл облыста биылғы жылы иттерге вакцина егуге бар-жоғы 60 доза сатып алуға ғана тікелей қаржы бөлінгенінен болып отыр. Осыған орай қалалық ветеринария бөлімінің бас маманы Нұрлан Төлегенов: «біз бар болғаны вакцинаның 60 дозасын ғана алдық. Былайша айтқанда, тек 60 итті құтыруға қарсы егуге мүмкіндік алдық. Қаржылар тек фермерлік шаруашылықтардағы жабайы аңдармен байланысу ықтималдықтары бар иттер үшін ғана бөлінді»,-дейді.

Ал қала іргесіндегі фермерлік шаруашылықтардың өзінде ғана қазір 250-ден астам ит бар екен. Демек, қолдағы вакцина солардың өзіне жетпейді деген сөз. Сонда көшеде қаптап жүрген иесіз бұралқы иттердің бірде-бірі қамтылмайды. Жоғарыдағы балаларды, міне, тап осындай иттер қапқан.

Үстіміздегі жылы қалалық ветеринария бөліміне жұқпалы аурулардың алдын алуға 18,5 млн. теңге ақша бөлінген болып шықты. Одан иттерді құтырудан сақтауға берілгені әлгіндей ғана. Ал жыл басынан бері өздерін ит қапқандығы жөніндегі шағыммен 300-ге жуық адам келген.