Қазан айында Македония президенті Қазақстанға тұңғыш рет ресми сапар жасайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазан айында Македония президенті Қазақстанға тұңғыш рет ресми сапар жасайды

Қазан айында Македония президенті Қазақстанға тұңғыш рет ресми сапар жасайды

Қазан айында Македония президенті Борис Трайковский Қазақстанға тұңғыш рет ресми сапар жасайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 29 Қыркүйек 2003
  • 425
Фото - Caravan.kz

Республика сыртқы саясат мекемесінің ақпаратына сәйкес, Македония өзінің шетелдерде жұмыс тәжірибесін жинақтаған ірі кәсіпорындары үшін қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан рыногін игеруге мүдделі. Бұл орайда әңгіме бұрынғы Югославия дәуірінде құрылған «Гранит», «Бетон», «Пелагония» тәрізді Македонияның ішкі шағын рыногін місе тұта алмайтын ірі құрылыс комбинаттары туралы болып отыр.

Сондай-ақ, осы елдің фармацевтика, тоқыма және азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс істейтін ірі кәсіпорындармен де өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік мол. Өз кезегінде Македония қазір Еуропалық Одаққа арнап экспорттап отырған кабель өндіру үшін мыс және аллюминий, сондай-ақ, мұнай және газ тасымалын жолға қоюға ықылас білдіруде.
Бұл мәселелер туралы Македония президенті алдағы сапары барысында Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен талқыламақ ниетте.
Сондай-ақ, ҚР СІМ-нен хабарлағанындай, Қазақстанның Австриядағы елшісі Рахат Әлиев Македония президентіне сенім грамотасын тапсырды. 1991-жылы Федеративтік Югославия Республикасы ыдырау нәтижесінде құрылған бұл елде Қазақстан өз елшісін тұңғыш рет тағайындап отыр. Сондай-ақ, Қазақстан елшісі Рахат Әлиев Македония сыртқы істер министрі Илинка Митревамен және Македония үкіметінің басқа да өкілдерімен кездесті.

Соңғы жаңалықтар