Қазан айында Миланда салтанатты түрде ЭКСПО туы Астанаға тапсырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазан айында Миланда салтанатты түрде ЭКСПО туы Астанаға тапсырылады

Қазан айында Миланда салтанатты түрде ЭКСПО туы Астанаға тапсырылады

Қазанның аяғында Миланда салтанатты түрде ЭКСПО туы Астанаға тапсырылады.

  • 22 Қыркүйек 2015
  • 499
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Қытайдан шыққан «Жібек жолы» автошеруі қатысушыларының Астанаға жетуіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ның маркетинг департаменті директорының орынбасары Айгүл Мүкей мәлім етті.

Айта кетейік, бұл күндері Миланда ЭКСПО-2015 халықаралық көрмесі өтіп жатыр.

 «31 қазанда «ЭКСПО-2015» көрмесі аяқталады. Осы орайда көрменің туы салтанатты түрде Миланнан Астанаға тапсырылады»,-деді А. Мүкей.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордаға «Жібек жолы» автошеруі Астанаға жетті.  8 тамызда Шанхайдан (ҚХР) басталған бұл автошеру бес ел арқылы өтіп, сапарын 24 қазанда Миланда (Италия) аяқтайды. Бұл шараның мақсаты — жаңа Жібек жолы бойында мәдени, экономикалық қарым-қатынастарды дамыту.

Автошеру сапар барысында 16 мың шақырым қашықтықты еңсеру жоспарлап отыр және Қазақстаннан кейін олар Ресейге бағыт алады. Оның сөзіне қарағанда, осы халықаралық автошерудің құрамында 8 көлік қамтылған.


Осы шара аясында елордадағы «Арай» саябағында Қытайдың үздік скрипкашыларының бірі Шен Чжунгоның қатысуымен арнайы концерт ұйымдастырылмақ, сондай-ақ Ramada Plaza қонақүйінде «Инвестициялар, индустриалды парктер және Астана-ЭКСПО 2017» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілмек.

Соңғы жаңалықтар