Жарияланды: 510

Қазан айында отандық өнеркәсіп орындардың өнімдері мен қызмет ақысы 1,7% қымбаттаған

Өткен айда қазақстандық өнеркәсіп орындардың қызметі 2011 жылдың қазанымен салыстырғанда 3,5% қымбаттаған.

Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, қазан айында өндірістік өнім құны 1,7%, өндірістік қызмет түрлері - 1,2% қымбаттады. Өткен айда тау-кен өнеркәсібі саласында баға 1,2%, өңдеу өнеркәсібі саласында 3% артыпты. Мывсалы, сығымдалған пропан мен бутан 14,4%, дизель отыны - 3,8%, көмір - 2,6%, мазут - 2,5%, мұнай - 1,8% артса, газ конденсаты 2,3% кеміген. Қазан айында қорғасын бағасы 20,3%, мыс - 16,2%, мырыш - 15,2%, өңделмеген алюминий - 11,8%, бағалы металдар - 7,9% қымбаттаса, қара металл жаймасы - 5%, ферроқорытпалар - 0,3% арзандады. Жарма 3,9%, макарон өнімдері - 3,5%, тауық еті - 3,4%, қара бидай ұн - 3,2%, бидай ұны - 2%, өсімдік май - 2% қымбаттап, балық 2,1%, шай бағасы 1,4% төмендеген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін