Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, қазан айында өндірістік өнім құны 1,7%, өндірістік қызмет түрлері — 1,2% қымбаттады.
Өткен айда тау-кен өнеркәсібі саласында баға 1,2%, өңдеу өнеркәсібі саласында 3% артыпты.
Мывсалы, сығымдалған пропан мен бутан 14,4%, дизель отыны — 3,8%, көмір — 2,6%, мазут — 2,5%, мұнай — 1,8% артса, газ конденсаты 2,3% кеміген.
Қазан айында қорғасын бағасы 20,3%, мыс — 16,2%, мырыш — 15,2%, өңделмеген алюминий — 11,8%, бағалы металдар — 7,9% қымбаттаса, қара металл жаймасы — 5%, ферроқорытпалар — 0,3% арзандады.
Жарма 3,9%, макарон өнімдері — 3,5%, тауық еті — 3,4%, қара бидай ұн — 3,2%, бидай ұны — 2%, өсімдік май — 2% қымбаттап, балық 2,1%, шай бағасы 1,4% төмендеген.