«Бағдарламаға Американың алты деректі және көркем фильмдері енген. Олар алдымен Астанада, содан соң Шымкент, Петропавл мен Алматы қалаларында көрсетіледі.
Фильмдермен қатар ел аумағын американдық киносарапшылар да аралайды. Олар: «Соңғы ковбой» фильмінің режиссері Илиза Барбаш, «Күнделікті оқиға» («Обычная история») фильмінің автор, продюсері әрі сценаристі Мэри Суини, мен Оңтүстік Калифорния штатының Кино өқнері университеті мектебінің кіші деканы Алан Бэйкер.
АҚШ елшілігінің хабарлауынша, көрермен назарына ұсынылатын кинокартиналар қазіргі отбасындағы қарым-қатынастар, технологияның күнделікті өмірдегі рөлі, «жасыл» көлік, қала жастары мен қазіргі заманғы ковбойардың тыныс-тіршілігі жайлы сөз етеді.
Қазақстандық көррмендер «Байланыс» (Connected) фильмін, «Би залындағы ессіздік» (Mad Hot Ballroom) деректі фильмін, «Соңғы ковбой» (Sweetgrass), «Электромобильдің кек алуы» (Revenge of the Electric Car), «Күнделікті оқиға» (The Straight Story және 2012 жылы Оскар жүлдесін жеңп алған «Қайтпас қайсарлар» («Непобежденные» (Undefeated)) фильмдерін тамашалай алады.
Ағылшынша фильмдер орыс тіліндегі субтитрлармен беріледі.