«Фестивальді өткізудегі басты масқсат — кәсіптік қуыршақ өнерін көпшілікке тарату. Алға қойып отырған басты міндеттердің бірі кәсіптік қуыршақ өнері саласындағы аймақаралық ынтымақтастықты нығайту мен халықаралық байланыстарды дамыту, қуыршақ өнері актерлерінің кәсіби және орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру мен отандық қуыршақ өнерін дамытуға ықпал ету болып табылады», — делінген мәдениет министрлігінің ақпаратында.
Фестивальға үшін соңғы екі-үш театрлық маусымда тұсаукесері өткен қоғамда жоғары баға алған қойылымдар ұсынылады. Қазылар алқасы келесі номинациялар бойынша сыйлық иегерлерін белгілейді: «Ең үздік спектакль»; «Ең үздік режиссерлік жұмыс»; «Ең үздік актерлік жұмыс»; «Ең үздік суретші жұмысы»; «Ұлттық драматургияны табысты меңгергені үшін»; «Спектакльдің ең үздік музыкалық көркемделуі»; «Фестиваль жаңалығы».
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша,фестивальға қатысу үшін Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шет елдердің кәсіби қуыршақ театрлары шақырылады.
Биыл халықаралық мәртебесі бар фестивальға қатысу үшін Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Татарстан Республикаларының 12 театрынан өтініш түсті.
Қуыпшақ театрларының фестивалі алғаш рет 2007 жылы Ақтау қаласында өтті.