«Қазанат» атты кітап-энциклопедия үшінші мәрте қайтадан басылып жарыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазанат» атты кітап-энциклопедия үшінші мәрте қайтадан басылып жарыққа шықты

«Қазанат» атты кітап-энциклопедия үшінші мәрте қайтадан басылып жарыққа шықты

Стамбұл қаласында белгілі атбегі Кеңес Рақышев пен Сәдібек Түгелдің «Қазанат» атты кітабы үшінші мәрте басылып жарыққа шықты.

  • 12 Сәуiр 2011
  • 1039
Фото - Caravan.kz

Кітаптың тиражы 3000 дана, көлемі 200 бет, аталған энциклопедиялық туындыға 323 фотосурет пайдаланылған. Кітап бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Табиғаттың құн жетпес асылы», екінші бөлім «Көне заман күмбірі немесе жылқы жайындағы қиял-ғажайып аңыздар мен тарихи жазбалар», үшінші бөлімі «Жылқының биологиялық ерекшелігі», төртінші бөлімі «Жылқы тұқымы» және бесінші бөлімі «Қазақстандағы жылқы шаруашылығы және ат спортын дамыту» деп аталады.

Кітапта төрт түліктің төресі қасиетті жылқының, тұлпарлардың, арғымақтардың еліміздің тұрмыс-тіршілігінде алатын орны туралы кеңінен баяндалады, терең сараптамалық талдау жасалынады. Авторлар Өр Алтайдан -Атырауға, Ұлытаудан — Алатауға дейін созылып жатқан Ұлы даланы, қасиетті байтақ жерімізді батыр бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен және жәй ат емес, қазақтың Қазанатының үстінде жүріп қорғағанын тың деректермен әдемі суреттей білген. Талантты археолог Зейнолла Самашев Берел қорамынан табылған он үш жирен айғырлар туралы жақсы дәйекті түрде жазылған. Тың деректер көрсетілген, 2500 жылдық тарихы бар айғырлардың суреттері басылған. Авторлар өздерінің үзеңгілес достары қазақтың белгілі атбегілері туралы қызықты әңгімелеген. Және олардың суреттері жарияланған. Кітаптың тағы бір жаңалығы аузымен құс тістеген, желмен жарысқан, ауыздықпен арпалысқан атақты тұлпарлар «Император», «Заповедник», «Дарий», «Лорка», «Ызғар», «Распутин», «Аксес оф Сильвер», «Хаус оф Иорк», «Фракассандардың» табыстар жөнінде деректер келтіріп, фотосуреттерін жариялаған.

Мамандардың айтуынша, бұл еңбек жай шығарма ғана емес, бүгінгі күні бүкіл қазақ атбегілерінің қолынан түспейтін, қастерлеп оқитын шежіресіне, энциклопедиясына айналып үлгерді.

«Қазанат» Стамбұлдағы ең ірі баспа үйінен жарық көрген. Бұл баспадан осыдан аз ғана уақыт бұрын «Мұхаммед пайғамбарымыздың аманаты» атты қасиетті кітабы 250 мың данамен жарыққа шыққан. «Қазанат» кітабы да дәл сол қасиетті безендірілуімен жарыққа шыққан. Жалпы алғанда «Қазанат» кітабының оқырмандарымен қауышқанына биыл 5-жыл болды. Осы аралықта елімізде Қазанат ұғымы қалыптасты. Қазанатқа байланысты көптеген игілікті іс-шаралар өткізіліп келеді.

Перейти к новостям спорта