Қазанда өткен саммитте ТМД елдерінің 2010-жылға дейінгі шекаралық саясаты мен әскери ынтымақтастық тұжырымдамасы қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазанда өткен саммитте ТМД елдерінің 2010-жылға дейінгі шекаралық саясаты мен әскери ынтымақтастық тұжырымдамасы қабылданды

Қазанда өткен саммитте ТМД елдерінің 2010-жылға дейінгі шекаралық саясаты мен әскери ынтымақтастық тұжырымдамасы қабылданды

26-тамызда Қазанда өткен ТМД саммитінде Достастық елдерінің қауіпсіздік саласындағы ықпалдастығының құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін нығайта түсетін бірқатар құжаттарға қол қойылды. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путиннің қорытынды мәлімдемесінде айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі РФ президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 27 Тамыз 2005
  • 416
Фото - Caravan.kz

Бірінші кезекте Достастық елдерінің өзара келісілген шекаралық саясаты мен әскери ынтымақтастық тұжырымдамасын атауға болады. Сонымен бірге Достастықтың сыртқы шебінде дағдарысты ахуалдар туындаған және оларды реттеген жағдайдағы шекаралық және басқа да органдардың ықпалдастығы туралы тұжырымдама бекітілді.

Лаңкестікпен және экстремизмнің басқа да зорлыққа негізделген көріністерімен күрес саласындағы ынтымақтастық саясатына қол қойылды.
«Саммит барысында біз қауіпсіздікті қамтамасыз ету — бірлескен іс-қимылдардың стратегиялық бағыты екенін дәлелдедік. Әскери саладағы, лаңкестікке қарсы және трансұлттық қылмыстарға қарсы күрес салаларындағы әріптестік — бүкіл ТМД кеңістігіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды факторы екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Және ол ТМД елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға тікелей әсер етеді»,- деді Ресей президенті.

Перейти к новостям спорта