Қазақ әдебиетінде фантастика жанры кенже қалып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ әдебиетінде фантастика жанры кенже қалып келеді

Қазақ әдебиетінде фантастика жанры кенже қалып келеді

Қазақ әдебиетінде фантастика жанры кенже қалып келеді. Оған ден қойған қаламгерлер де саусақпен санарлық. Бүгін  қиял-ғажайып тақырыбында қалам тербейтін ат төбеліндей жазушылар Астанада бас қосты.

  • 2 Желтоқсан 2011
  • 890
Фото - Caravan.kz

Тұңғыш рет өткізілген құрылтайға Ресейдің аузын айға білеген фантаст жазушылары да шақырылған екен. Сондықтан «халықаралық» деп айдар тағылған жиында күрделі жанр дамуының кемшін тұсы кеңінен сөз болды. Қазақстанда ғылыми-фантастикалық романдар жазуды алғаш бастағандардың бірі — Жүніс Сахиев. Төл әдебиетте бұл жанрдың тұралап қалғанына жазушы қынжылыс білдірді. Тіпті арнайы ұйымдастырылған көрмеде  аталмыш автордың ғана қазақ тіліндегі кітаптарын көруге болады. «Таралым аз, қолдау жоқ туындыларамыздың оқырмандарға жетпейтіні де содан» — дейді қаламгер. Оның үстіне фантастика жұлдызды әлеммен, ғарышқа барумен, өзге өркениет әлемінен ұшып келетіндермен шектеліп қалып жүр. Одан қалды қазіргі оқырман ондай қиял-ғажайыптарға сенуден қалып барады.


Жүніс Сахиев, фантаст-жазушы
:

Көп жазушылар атсалысты. Олар бір-екі әңгіме,екі-үш кітап шығарады да, жанрдың ауырлығын сезінгеннен кейін поэзия, проза саласына ауысып кетеді. Содан барып қатарымыз сиреп қалып жатыр.