Қазақ агротехникалық университеті Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан шығып, Білім министрлігіне өткісі келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ агротехникалық университеті Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан шығып, Білім министрлігіне өткісі келеді

Қазақ агротехникалық университеті Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан шығып, Білім министрлігіне өткісі келеді

Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан шығып, Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткісі келеді. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Хұсайын Уалиев осылай мәлім етті.

  • 2 Маусым 2011
  • 657
Фото - Caravan.kz


Депутаттың атына аталған университеттің бір топ оқытушы-профессорлар құрамы оқу орнындағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп хат жолдаған көрінеді. «2005 жылы ҚазАТУ Білім және ғылым министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне өткен болатын. Сондықтан өткен 6 жыл бойы университет аграрлық ведомствоның құрылымындағы жалғыз жоғары оқу орны болып келді. Қазіргі таңда оқу орнында бакалавриат бойынша 38 мамандықта оқытылса, оның тек 12-сінің ғана тікелей аграрлық секторға қатысы бар болып табылады. Ал ондай мамандықтарда білім алатын студенттер контингенті жалпы оқушылардың 20 пайызын ғана құрайды», — дейді депутат. Оның айтуынша, салалық министрліктің құрамында болғандықтан, ҚазАТУ Білім министрлігінің ғылыми-техникалық бағдарламаларына қатысудан да шеттеліп жатқан көрінеді. «Университет ұжымы Қазақ агротехникалық университетін Білім және ғылым министрлігінің қарамағына беру мүмкіндігін қарастыруды сұрайды», — дейді Х. Уәлиев.

Соңғы жаңалықтар