«Qazaq Air» ұлттық әуе компаниясының жарты акциясы саудаға шығарылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Qazaq Air» ұлттық әуе компаниясының жарты акциясы саудаға шығарылмақ

«Qazaq Air» ұлттық әуе компаниясының жарты акциясы саудаға шығарылмақ

«Qazaq Air» ұлттық әуе компаниясы акцияларының бір бөлігі саудаға шығарылмақ.

  • 21 Қазан 2015
  • 328
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында «Qazaq Air» компаниясы басқарма төрағасының қызметін атқарушы Блэр Поллок мәлім етті. 

«Самұрық-Қазына» акцияның 100 пайыз иегері болып табылады. Болашақта акцияларды сатып алатын компаниялардың тізімін жариялағымыз келеді. Акцияның тек аз бөлігі сатылады деп күтілуде. Өзіміздің қызметімізге жеке капиталдың құйылғанын қалаймыз. Жеке секторды компанияны басқаруға да, қаржыландыруға да тарта аламыз», — деді ол.

Дегенмен Б. Поллок сатылым уақыты мен ол саудаға қатысатын компанияларды әзірге атай алмады.


«Ол жеке тұлғалар болуы ықтимал, xалықаралық әріптестерге де қуанышты болар едік. Олар xалықаралық авиация тәжірибесін алып келеді. Қазіргі уақытта біз аймақтық рейстермен айналысамыз және оған риза болар едік», — деп атап өтті ол. 

Qazaq Air компаниясы аймақтық компания болып табылады және қазіргі уақытта тек Қазақстанның ішкі рейстерін дамытуды көздеуде. 

Соңғы жаңалықтар