Qazaq Air ұшағындағы ақауға байланысты тергеу комиссиясы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Qazaq Air ұшағындағы ақауға байланысты тергеу комиссиясы құрылды

Qazaq Air ұшағындағы ақауға байланысты тергеу комиссиясы құрылды

Ақауға байланысты ұшақ әуежайға қайта қонған еді.

  • 12 Қазан
  • 11
Фото: instagram.com/qazaqair_official/

Қостанай – Астана бағытындағы Qazaq Air рейсі техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта оралған еді. Көлік министрлігі оқиғаға байланысты тергеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік тергеу жүргізеді

ҚР Көлік министрлігі аталған оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылғанын растады.

«Қостанай – Астана бағыты бойынша Qazaq Air авиакомпаниясының рейсінде болған авиациялық оқиғаны тексеру үшін авиациялық апаттарды тергеу ережелеріне сәйкес арнайы комиссия құрылды», – деп хабарлады ведомство.

Ұшақ әуежайға қайта қонды

Айта кетсек, Қостанай – Астана бағыты бойынша ұшып шыққан IQ368 рейсі техникалық себеппен әуеге көтерілгеннен кейін әуежайға қайта қонған. Кейбір жолаушылар ұшу кезінде шассидің маңында қысқа уақыттық жарық байқалғанын айтқан. Бұл жайт техникалық тексеріс барысында назарға алынатыны хабарланды.

Перейти к новостям спорта