Қазақ әскери оркестрі Мәскеудегі фестивальде ерекше өнер көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ әскери оркестрі Мәскеудегі фестивальде ерекше өнер көрсетті

Қазақ әскери оркестрі Мәскеудегі фестивальде ерекше өнер көрсетті

Еліміздің әскери оркестрі мәскеуліктерді ерекше қойылыммен таң қалдырды. Мұнда олар «Спасская башня» атты 8-ші әскери-музыкалық фестивальге қатысып жатыр.

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 230
Фото - Caravan.kz

Еліміздің Құрмет Қарауыл ротасы мен «Айбын» Президенттік полкының оркестрі Қызыл алаңда осылай өнер көрсетті. Олар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Абылай хан» маршын және бірнеше музыкалық шығармаларды орындады. Кейін Батырхан Шүкеновтың рухына арнап марқұмның «Солдат любви» әніне бимен қойылым қойды. Жалпы, жылда өтетін әскери фестиваль бұл жолы Мәскеудің туған күніне арналыпты. Оған 14 елдің оркестрі қатысуда. Былтыр осындай фестивальде біздің әскерилер бірінші орын алған болатын. Ал биылғы жүлдегерлер үш күннен кейін анықталады. 

Соңғы жаңалықтар