“Қазақ бандасының” Украинаға соғысқа аттанған видеосы тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қазақ бандасының” Украинаға соғысқа аттанған видеосы тарады

“Қазақ бандасының” Украинаға соғысқа аттанған видеосы тарады

Өздерін "қазақ бандасымыз" деп таныстырған түрлері қазақтарға ұқсайтын азаматтардың видеосы желіде желдей есіді.

  • 17 Мамыр 2022
  • 20028
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы журналист Гүлнұр Баженованың Telegram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан соғысқа бара жатқан азаматтардың бірі "қазақ бандасы" деп айтқанын көруге болады.

Журналист Гүлнар Баженова "Қазақ бандасы соғысқа бара жатыр" деп жазды. Ресейдегі қазақ бандасы болар?! Қазақстандықтар ашықтан ашық бұлай бармас еді, оларды елде түрме күтіп тұрар еді", — деп жазды ол.

Видеодан жігіттердің бірінің бас киімінен Ресейдің туын байқауға болады.

Видеоның Ресейде немесе Украинада түсірілгені беймәлім.


Айта кететін жайт, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әскери жағдайларға қатысқандарға қылмыстық жауапкершіліктің барын айта кеткен жөн.

 

Соңғы жаңалықтар