Барлық әндерді ол тек қазақ тілінде шырқады. Олардың қатарында "Көзімнің қарасы", "Айналайын", "Махаббат" шығармалары, сонымен қатар итальяндық әншінің шын өмірде қазақ қызына ғашық болғандағы ақ сезімін білдіретін "Қазақ болсам" атты өлеңі де бар.
Абайдың атақты "Көзімнің қарасын" халықпен бірге тербеп айтқан Сон Паскаль, ұлы қазақ ақынын әлемдік деңгейдегі рок жұлдызға теңеп, тыңдаушыларының жүрегін баурап та алды.
Паскаль шығармашылығының бір ерекшелігі — ол 35 жасқа дейінгі аудиторияда аса үлкен танымалдылыққа ие болып отыр. Оның Youtube-тағы бейнебаяндарын 1 миллионнан астам адам көрген. Бұл көрсеткіштер бойынша, Youtube пен Vkontatkte көрсеткеніндей, ол көптеген әншілерді шаң қаптырады.
Сонымен бірге мерекелік бағдарламада Қайрат Баекенов, «Формат» тобы, Дос, Құлайым Қайырбаева, трио «Арт-домбыра», «Viva» шоу-балеті мен КВН құрамасы өнерлерін паш етті.