Қазақ елі Тұңғыш Президент күнін атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ елі Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Қазақ елі Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Бүгін күллі ел Тұңғыш президент күнін атап өтуде! Осыдан тура 24 жыл бұрын 1 желтоқсанда Қазақ елі Нұрсұлтан Назарбаевты басшы етіп сайлаған. Осы айтулы дата соңғы бірнеше жылда Тұңғыш президент күні ретінде тойланып келеді. Ал мейрамға орай негізгі шаралар Астанада өтуде. Бұл күні мереке иесі бір сәтке де дамыл тапқан жоқ. Негізінен халықтың жанында болған Елбасы әскери мұражайды ашып беріп, кешке еліміздің жаңажылдық бас шыршасын өз қолымен жақты.

  • 2 Желтоқсан 2015
  • 565
Фото - Caravan.kz

Тұңғыш Президент күнін атап өту әдеттегідей Ақордадан басталды. Ресми шараның негізгі бөлігін бастау  мемлекеттік Күзет қызметінің мойнында. Сондықтан элиталық бөлімнің таңдаулы сарбаздары сап түзеп алдымен Президенттің байрағы көкке көтерілді.  Сөйтіп әнұранның әуенімен ту тұғырына қонып, соңы әскери шеруге ұласты.

Ал басты мереке иесі демалысқа қарамастан халықтың ортасында болды. Бір сәт те дамыл таппаған Назарбаев Ақордадағы ресми шарадан кейін жаңадан ашылған әскери мұражайды ашты.

Алғашқы қонағын қобалжып күткен мұражай қызметкерлері мереке иесін гүл шоқтарымен қарсы алды. Артынан ғимаратты асықпай аралаған Елбасы өзінің портретіне сәл кідіріп, кейін тарихи жәдігерлерді көріп шықты. Тас дәуіріндегі шоқпар, садақтан бастап, екінші дүниежүзілік соғыста талай жаудың көзін жойған қарулар осында.

-Осы жекпе-жектен кейін Сабалақ хан Абылай атанып, хан тағына көтерілген.

Тарихқа бір сәт қайта үңілген Елбасы алған әсерімен бөлісіп, мұражайдың кітабына алғашқы жазбасын да қалдырды. Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы  жас ұрпақты ел үшін жан аямай қызмет етуге шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Сендер жас кездеріңнен әскери қызметке бейімделіп келе жатырсыңдар. «Жас Ұлан» мектебін әдейі салғыздым мен. Ұнайды ғой бәріңе?

-Дәл солай! Әр жерден келіп отырсыңдар. Бақытты болыңдар. Аман-есен болыңдар. Елді қорғауға дайындалыңдар. Ол үшін қару жарақты білу керек, күшті болу керек. Бәрің генерал болайын деп тұрсыңдар.

Құттықтау қабылдап үлгермей жатқан Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды тек өзінің емес,жалпы халықтың мейрамына балайды. Сондықтан  қыстың алғашқы күні мемлекеттік мереке болғандықтан бүгін елімізде демалыс. Ал президент осы сағаттарда еліміздің бас шыршасын жағып жатыр. Сөйтіп, бүгінге арналған қауырт жұмыс кестесін аяқтап,  Елбасы ертең әдеттегі жұмысына қайта кіріседі. 

Соңғы жаңалықтар