Яғни Қазақ елінің әрбір бесінші тумасы шетелде жүр деген сөз7
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі таңда әлемнің әр түкпірінде жүрген мұндай жандардың саны 4 миллионның үстінде көрінеді. Бұл шамамен алғанда еліміздегі халық санының 22 пайызы деген сөз. Осылайша, елінен безіп өзге мемлекеттен пана тапқандардың пайыздық көрсеткіші жағынан Қазақстан босқындар еліне айналған Сириядан кейінгі орынға (40 пайызға жуығы елден кеткен) жайғасып отыр.
2017 жылғы Қазақстанна көшіп кеткендердің саны 37 700 адамды құраған. Ал 2018 жылы 41 900 адам жеткен. БҰҰ мәліметінше, 2019 жылы Қазақстаннан 45 мыңнан астам адам көшіп кеткен. Сол секілді, өткен жылдың яғни 2020 жылдың үш айының өзінде ғана Қазақстаннан тағы 7,3 мыңнан астам адам біржолата қоныс аударыпты.
Биылғы статистика да көңіл көншітпейді. Биылғы жылдың 5 айында Қазақстаннан 9 мыңға жуық азамат шетелге көшіп кеткен. Atameken Business арнасының мәліметінше, отандастарымыздың ең көп қоныс аударған елдерінің көшін Ресей бастап тұр. Аталмыш дерек көзінің мәліметінше, солтүстік көршімізге 7258 адам көш кеткен. Бұл елден кеткендердің 86 пайызы.
Екінші орында Германия тұр. Аталған елге 606 адам қоныс аударған. Сол секілді Өзбекстанға да 124 адам кеткен.
АҚШ-қа көшкендердің саны 119-ға жеткен. «Сондай-ақ, шетелде тұруды шешкен қазақстандықтар Польша, Белорусь, Канада секілді елдерді таңдаған», — деп жазады аталмыш дерек көзі.
Статистикаға көз салсақ, елімізден көшкендердің басым көпшілігі Еуропада жүргенін байқауға болады.
Қазақстанда туып, шетелде өмір сүріп жатқан 3,9 млн мигранттың 3,8 млн-ы Еуропада, 76,8 мыңы Азияда, 44,4 мыңы Солтүстік Америкада, 3,1 мыңы Африкада, 2,2 мыңы Мұхит елдерінде, 100-і Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі мемлекеттерде өмір сүріп жатыр екен.
Жекелеген елдер бойынша, Ресейге 2,5 млн адам кетсе, Германияға 940,3 мың адам және Украинаға 224,4 мың адам кеткен.
Жалпы сыртқа көшіп кетушілердің саны бойынша Қазақстан әлем бойынша 15 орында тұр.