Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Мәселен бірер күн бұрын Әлішер Кәрімов пен Айжан Нұрмағамбетова апайымыз да осы челленджі орындады.
Видеоға жазылған пікірлер "Мынадан кейін ішіп кетуге болады", Айжан апай сізді жақсы көруші едім. Мына қылығыңыз тіпті ерсі екен", Әлішер саған не болған", деп жазды оқырмандар. Қолдап жатқандар жоқтың қасы. !қазақбайский ұятты жинап қойыңдаршы", деп жазған оқырман да болды.
Жас пен кәріге, ер мен әйелге ермек болған челлендж әрекеті көпшілікке ұнамады. Ер әйелдің, әйел ердің киімін ауыстырып, небәрі 12-13 секундата бір әуенге түсірілген.
Асыл дінімізде мұндай ұятсыздыққа барған ерлердің әйелдерге, әйелдердің ерлерге ұқсауы жайында былай делінген:
"Алла елшісі (с.а.с) (сөйлегенде, жүріс-тұрыста, киім киісте) әйелдерге ұқсауға тырысқан ерлер мен ерлерге ұқсағысы келген әйелдерге лағынет айтты".