Қазақ футбол федерациясы Атқару комитетінің шешімімен жаңа маусымда Премьер-лигада өнер көрсететін командалар саны ұлғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ футбол федерациясы Атқару комитетінің шешімімен жаңа маусымда Премьер-лигада өнер көрсететін командалар саны ұлғайды

Қазақ футбол федерациясы Атқару комитетінің шешімімен жаңа маусымда Премьер-лигада өнер көрсететін командалар саны ұлғайды

Футболдан Премьер-лигадағы Қазақстан чемпионатында 14 команда өнер көрсететін болды.

  • 26 Желтоқсан 2011
  • 378
Фото - Caravan.kz

Бұл Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің 24 желтоқсанда өткен кезекті мәжісінде шешілді.

Енді бұған дейін белгілі болған «Шахтер» (Қарағанды), «Жетісу» (Талдықорған) , «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Астана» (Астана) «Ертіс» (Павлодар), «Ордабасы» (Шымкент), «Тобыл» (Қостанай), «Қайсар» (Қызылорда), «Тараз» (Тараз), «Атырау» (Атырау), «Сұнқар» (Қаскелең), «Оқжетпес» (Көшетау) командаларының қатарына Алматының «Қайрат» пен Оралдың «Акжайық» командалары қосылатын болды. Енді олар маусымға бұрынғыдай 23 емес, 25 ойыншыға өтініш ұсына алады. Оның ішінде ойынға 7 легионер ұсынылып, олардың бесеуі бір мезетте алаңға шықпақ.

Жаңа футбол маусымы Премьер-лигада — 11 наурызда, Бірінші лигада — 1 сәуірде басталады. Ал Шымкенттің «Ордабасы мен Қарағандының «Шахтер» командалары арасындағы Суперкубок матчы 6 наурызда өтетін болды.