«КАРАВАН» газетінің тілшісіне берген сұхбатында Әмір гейлерге тыжырына қарайтындарды ауруға теңеді.
— Гомофобия – басқа аурудың, яғни адамды ести, тыңдай білмеудің алғашқы белгілері ғана. Бірақ тыңдағымыз келмесе, тұрмыс, сезім, әлеумет, саясат тұрғысынан бір-біріміздің өмірімізді қиындатамыз. Яғни кезекте тұрып айқайлаймыз, емханаларда жанжал шығарамыз, жолда төбелесеміз. Сондай-ақ, бізге түр-түсі, көзінің көлемі, діні ұқсамайтындарды ұнатпаймыз. Алайда бізде қай тұрғыдан да адамды кемсітуге тыйым салынған. Десе де, біздің кейбір керемет заңдарымыз Конституцияға сәйкес келмейді. Мысалы, «Отбасы туралы» заңда бір жыныстағы адамдардың бір-бірімен некеге отыруға болмайтыны жайында айтылған. Ал негізгі заңның 14-бабында «ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» делінген.
Еліміздегі гейлердің 990 мыңы қазақтар. Арасында шенеуніктер де бар
— Айтқандай, Прагадағы шеруге еліміздің туы мен Конституцияның дәл осы бабын қағазға жазып алып шыққаныңызға үйдегілер, жалпы, Қазақстандағылар қалай қарады?
— Әртүрлі қарады. Кей адамдар мұны мемлекеттік рәмізді масқаралау деп санады. Яғни менің, еліміздің азаматы бола тұрсам да, оның өкілі болуға және туын көтеруге хақым жоқ екен. Тіпті біреулер ЛГБТ қоғамдастығының өкілі болғандықтан, өмір сүруге хақым жоқтығын, жоқ боп кетуім керектігін жазыпты. Мұндай шерулер барлық адамның теңдігін, қоғамның жақсаруын талап етіп, бейбіт түрде өткізіледі ғой. Олар мәселелерді естір құлаққа жеткізуге көмектеседі. Қоғамда осындай пікірталас болуы керек.